Алматыда «Отырар Сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі мен iFly этно-электрондық тобының концерті өтті
Ұлттық әуеннің заманауи музыкамен үйлесімділігі жиылған жұртқа ерекше әсер берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда екі түрлі саздың тоғысуынан құралған әуезді кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар Сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі мен iFly этно-электрондық тобының концерті Ұлттық ғылым академиясының алдындағы алаңда болды. Ұлттық әуеннің заманауи музыкамен үйлесімділігі жиылған жұртқа ерекше әсер берді.
«Концертіміз бесінші рет өткелі жатыр. Алғашқы кездесуіміз Ай-флаймен 2017 жылы Экспода болды. Содан халық жақсы қарсы алған соң, біз шығармашылық тандэмді жалғастырып жатырмыз. Бүгін халық жаңа шығармаларды естиді. Бәріне ұнайды деген сенімдеміз», – деді «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Дінзухра Тілендиева.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
10.10.2026 12:53
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
10.10.2026 09:10
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
10.10.2026 09:54
Қан қысымын төмендетуге көмектесетін жеміс аталды
09.10.2026 12:17