С. Елубай: Ахмет Байтұрсынұлының аманаты – ана тіл

С. Елубай: Ахмет Байтұрсынұлының аманаты – ана тіл
Бүгін ұлттық мүдде, ұлы мұрат жолында өмірін сарп еткен тұлға – Ахмет Байтұрсынұлы туған күні
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін ұлттық мүдде, ұлы мұрат жолында өмірін сарп еткен тұлға – Ахмет Байтұрсынұлы туған күні. Бұл дата мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл басталғалы кең көлемде аталып келеді. Ал ЮНЕСКО деңгейінде әлемнің бірнеше елі Байтұрсынұлының 150 жылдығын тойлады.

Байтұрсынұлының көпке мәлім қызметінен бөлек, соңғы кездері саясаттағы саңлақтығы, ел тұтастығын ойлаған көсемдігі көп қозғалып жүр. Бұл ретте оның ру мен жүзаралық алауыздықты болдырмау үшін саналы түрде Алаш Орда үкіметінің құрамына енбей қалғаны мысал бола алады. Дегенмен, Ахмет Байтұрсынұлы ұлттық партияның бағдарламасын әзірлеп, мемлекеттік идея қалыптастырған топтың құрамында болды. Оқу-ағарту комиссиясын құрды, төрағалық етті.

«Ахмет Байтұрсынұлының аманаты – ана тіл болды. Сонау 1929 жылы  сөзге қызмет ретінде Әуезовті атудан құтқарды. «Советтік идеяны қолдап, ГПУ берген құжатқа қол қой, болашаққа біздің идеямызды, Алаш идеясын жеткіз»,- деді жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай.

Әуезов, Қаныш Сәтбаев пен Әлімхан Ермеков. Қазақтың бағына біткен осы арыстарды Байтұрсынов ажалдан тасалады, аман алып қалды. Ал Ахметтің  Қоянды жәрмеңкесінде 15 мыңға тарта адам қол қойған Қарқаралы петициясын бастауы – азаматтың жандармалық бақылауға алынуына алғаш  себеп болған еді.

«Өзінің уақытынан ерте туған азаматтың 150 жылдығын тойлау біздің азаматтық парызымыз деп атаймын. Сондықтан Ахаңның еңбектерін оқыған дұрыс шығар деп ойлаймын», – деді  М. Әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан университетінің ректоры Дария Қожамжарова.

Өлеңсөз бен ғылымға терең бойлап, тіл мен мүдде қамын күйттеген «әліппе атасының» мерейтойы қашан да ұлттың мейрамы. Ол дөңгелек датаға ғана тәуелді емес. Ал 150 жылдықта Ахмет мұрасы қаншалықты зерттеліп, дәріптелді? Жауап – уақыт еншісінде ғана.

Мадина Оқас, Дидар Исаев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров