|
27.06.2022 | 21:01
862

Жәмила Серкебаеваның концертіне жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбейді

Жеке концерттің жарнамалық компаниясына да қазынадан ақша төленбейді

Жәмила Серкебаеваның концертіне жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбейді Almaty.tv

Жәмила Серкебаеваның концертіне жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбейді. Сонымен қатар, жеке концерттің жарнамалық компаниясына да қазынадан ақша төленбейді. Роза Рымбаева, Марат Бисенғалиев және Жәмила Серкебаевның Алматыдағы концертін ұйымдастыруға қатысты мәселеге Мадениет басқармасының басшысы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ғани Майлыбаевтың айтуынша, әлеуметтік желілердің жеке пайдаланушылары жариялаған жобалық сметалар – бұл Мәдениет басқармасына коммерциялық құрылымдар мен әртістердің өздері ұсынған есептеулердің нұсқалары. Ол ұсынылған материалдар мәслихаттың жұмыс топтары мен сессияларында, Қоғамдық кеңестің отырыстарында бірнеше рет талқыланған.

«Бюджет шығыстарының барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында кез келген концерттерді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу қолданыстағы заңнамаларға сәйкес ашық конкурс арқылы жүргізілетінін атап өткім келеді. Алматыда концерттер мен фестивальдерді өткізу - қала өмірінің дәстүрлі және аса маңызды бөлігі екенін атап өту керек»,– деді Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир