|
25.03.2022 | 21:03
1040

Алматы мектебінде Мұқағали Мақатаев шығармашылығы ұлықталды

Жиынға қалалық білім басқармасының басшысы, жазушылар мен ғалымдар, майталман ұстаздар қатысты

Алматы мектебінде Мұқағали Мақатаев шығармашылығы ұлықталды Almaty.tv

Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы ұлықталып, рухына тағзым етілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматыдағы №140 мектеп гимназиясының ұйымдастыруымен «Қазағым сағынды, рас, мұзбалығын» атты мерекелік іс-шара өтті.

Айтулы жиынға қалалық білім басқармасының басшысы, жазушылар мен ғалымдар, майталман ұстаздар қатысты. Ал мектеп ұжымы мен оқушылары Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, сахналық қойылым әзірледі.  

«Ақынға деген құрмет-сезімімізбен осы бір айтуылы шараны өткізуді мақсат етіп отырмыз. Дәл осы шараға дайынды барысында тұтас ұжым, оқушыларымыз бен ұстаздарымыздан бөлек, ата-аналар қауымы да белсене атсалысып жатыр. Бұл шараға дайындық ерте басталды. Жарты жыл көлемінде дайындық жұмыстарын жүргіздік», - деді М. Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының мұғалімі Дәурен Сағынғалиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир