Алматының Алатау ауданында келіндер бәйгесі ұйымдастырылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Қатысушылар таныстыру, қазақ салт-дәстүрін жетік білу, өнер көсрету, үй шаруасы бойынша өзара сайысқа түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алатау аудандық «Бақытты отбасы» орталығы Наурыз мейрамын атап өтті. Бұл мекеме қоғамдағы әйел рөлі, отбасындағы ана орнын көрсету мақсатында дәл осы мерекеде келіндер бәйгесін ұйымдастырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қатысушылар таныстыру, қазақ салт-дәстүрін жетік білу, өнер көрсету, үй шаруасы бойынша өзара сайысқа түсті. Әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болған жеңімпаздарға бағалы сыйлық қарастырылған. Одан бөлек, киіз үй тігіліп, жиналғандарға наурыз көже таратылды.  

«Мейрама келіндер бәйгесі байқауын ұйымдастырып жатырмыз. Бұл шараның тәрбиелік мәні зор деп ойлаймын. Себебі қазақ әйелдерінің қаншалықты мықты, жан-жақты екенін көрсету керек. Қазақ салт-дәстүрінен де әдемі көріністер әзірледік», - деді Алатау аудандық «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Ақмарал Басирова.

Әз-Наурызды тойлауға жиналғандардың қарасы қалың. Аудан тұрғындары ұйымдастырылған шараға жоғары бағасын берді.  

«Ауданымызда бүгін Наурыз өтіп жатыр. Сонымен қатар, келіндер сайысы да керемет өтіп жатыр.  Жастарға берер тәрбиелік мәні өте зор. Өйткені қазақтың салт-дәстүрін көрсетіп жатыр. Осындай шаралардың көп өткені жақсы», - дейді Алатау ауданының тұрғыны Бәтима Дәулетбаева.

Новости партнеров