|
29.04.2022 | 21:03
1672

Алматыда «Мүсіреповтің хатханасы» атты кітап жарық көрді

Жинақ жазушының шығармашылық шеберханасын зерттеушілерге үлкен мұра болмақ

Алматыда «Мүсіреповтің хатханасы» атты кітап жарық көрді Almaty.tv

Алматыда қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай кітап жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жинақты шығарудағы басты мақсат – ақын ойлары мен нақыл сөздерін халық арасында кеңінен тарату. «Мүсіреповтің хатханасы» туындысы жазушының шығармашылық шеберханасын зерттеушілерге үлкен мұра болмақ.

«Өзі 17 жыл тұрған үйінде музей халыққа қызмет етіп келе жатыр. Енді мына 120 жылдық мерейтой қарсаңында біз көп жылдан бері жинастырып, жаңағы әртүрлі архивден, жұрттың қолындағы хаттарды жинастырып, басын құрап, сұрыптап, іріктеп жүйелеп бір кітап шығардық», – деді Ғ.Мүсірепов атындағы музей жетекшіс Әділғазы Қайырбеков.

Баспа хронологиялық тәртіппен орналастырылған. Сондай-ақ кітапта Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин сынды қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерімен бірге түскен фото суреттер де бар. Ақын мұрагерлері мұндай парасатты пайымдайтын жинақтар әлі де жарық көре бермек дейді.

«Біз қуанып тұрмыз. Әкемнің әлі де жарық көрмеген мұрасының тұсауы кесілді. Ең алдымен музей басшылығы мен осындай құнды жинақты шығаруға атсалысқан Қазақстан Жазушылар одағына алғыс айтқым келеді», – деді Ғ. Мүсіреповтің қызы Гүлнәр Мүсірепова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир