«Дос-Мұқасан» тобының 55 жылдығына орай «Алматы түні» көрмесі өтеді

ibirzha.kz
ibirzha.kz
Көрмеге 200-ден астам экспонат қойылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматы музейінде 2022 жылдың 16 қыркүйегінде, сағ.12:00-де  Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қала күніне және «Дос-Мұқасан» вокалды-инструменталды ансамблінің 55 жылдығына арналған «Алматы түні» атты көрменің  ашылуы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының студенттерінен құралған «Досмұқасан» тобының 1967 жылдың 1 тамызында Павлодар облысының Баянауыл ауылында алғашқы концерті өтті. Топтың алғашқы мүшелері – Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Хамит Санбаев, Александр Литвинов қатысқан бұл концерт қазақ өнеріндегі елеулі жаңалық болды.

«Дос-Мұқасан» тобының арқасында халық әндері жаңаша бояуға ие болды. «Қазақ Битлзі» атанған топ жанкүйерлердің жүрегін бірден жаулап алды. Жылдар өткен соң ансамбль түрлі сыйлықтар мен Бүкілодақтық конкурстардың лауреаты болды.

Көрмеде «Дос-Мұқасан» тобының жеке архивінде сақталған сахналық костюмдер, музыкалық аспаптар, марапаттар, концерттік афишалар,  фотосуреттер және естелік сыйлықтардан тұратын 200-ден астам экспонат қойылады.

Сондай-ақ, аталған көрмеге С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің Музей кешеніне кіретін «Дос-Мұқасан» музейінің құнды жәдігерлері арнайы жеткізілді.


Новости партнеров