|
24.02.2022 | 21:12
843

Алматыда «Олжас Сүлейменов» арт-альбомының тұсаукесер рәсімі өтті

Туынды ақынның 85 жылдығына орай шығарылған

 Алматыда «Олжас Сүлейменов» арт-альбомының тұсаукесер рәсімі өтті Almaty.tv

Бүгін Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Олжас Сүлейменов» арт-альбомының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

ТҮРКСОЙ ұйымының бастамасымен жарық көрген туынды ақынның 85 жылдығына орай шығарылған. Онда Олжас Сүлейменовтің өлеңдерінен әсер алған түркі әлемі суретшілерінің еңбектері бейнеленген.  Айта кету керек, Түрксой ұйымы бұған дейін осыған ұқсас Абай, Үш арыс, Шыңғыс Айтматов кітаптарын да шығарған еді.

«Түрлі мәдениет пен халықты жақындастыру өте маңызды. Сонда ғана әлемде бейбітшілік болады. Бүгінде мәдениеттер жақындасуының халықаралық онжылдығының да аяқталып қалғанын көріп отырмыз. Әлемде бірлікті ту ететін осындай бастамалар көп болуы тиіс», - деді Қазақстанның халық жазушысы, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир