|
18.05.2021 | 21:17
5670

Олжас Сүлейменов 85 жаста: Алматыда ақын шығармашылығына арналған кеш өтті

Ақынның мерейтойына қоғам қайраткерлері, ұлт жанашырлары қатысты

Олжас Сүлейменов 85 жаста: Алматыда ақын шығармашылығына арналған кеш өтті Almaty.tv

Бүгін жазушы, ақын, тілтанушы, саясаткер Олжас Сүлейменовтің туған күні. Қазақстанның Еңбек Ері биыл 85 жасқа толып отыр. Мерейлі датаға орай республикалық және халықаралық деңгейде  түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Дәл қазір Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтіп жатқан кеште әріптесім Қайрат Советбекұлы барған еді. Қазір Almaty.tv  тікелей эфиріне қосылуға дайын. Қайрат, сөз өзіңде.

– Рақмет, Өмір! Дәл қазір біз Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрындамыз. Мұнда Олжас Омарұлының шығармашылығына арналған кеш өтіп жатыр. Ақынның мерейтойына қоғам қайраткерлері, ұлт жанашырлары қатысты. Қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов шаһар басшысының құттықтауын жеткізіп, ақынның иығына шапан жапты.

«Сіздің жырларыңыз қазақ халқының сан ғасырлық қуанышын, танымы мен тарихын әлем жұртшылығына поэзия тілімен таныстырған мәдени рухани құбылыс болды. Сізді шын жүректен құттықтай отырып, зор шығармашылық табыс, қажымас қайрат, ұзақ, ғұмыр тілейміз», – деді қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов.

Өткен ғасырдың елеулі тұлғасы, бүгінгінің қайраткері болып отырған азаматтың шығармашылығы лирикадан бастап, саясатқа, туған жердің топырағынан ғаламдық проблемаға дейінгі көлемді қамтиды.

«Олжастың қазақ халқының ұлтының Семей қасіретінен зардап шегіп жатқан кезде кеудесімен аждаһанның алдына кеудесін тосып, полигонның жабылуына тікелей ықпал етіп, әсер етуінің өзі жүрек жұтқан ерлік болып отыр», – деді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

– Рахмет. Студиямен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Қайрат Советбекұлы болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир