|
03.12.2020 | 13:24
4015

Жасмин Алшынбаева халықаралық фестивальде жүлделі марапатқа ие болды

Жасмин Алшынбаева халықаралық көркем гимнастика жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған

Жасмин Алшынбаева халықаралық фестивальде жүлделі марапатқа ие болды

Қазақ мемлекеттік циркінің әртісі Жасмин Алшынбаева халықаралық фестивальде жүлделі марапатқа ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Қазақ мемлекеттік циркінің әртісі Жасмин Алшинбаева 2020 жылдың қарашаның 24-30 уақыт аралығында Тверь қаласының мемлекеттік циркінде РФ мәдениет министрлігі мен «Ресей мемлекеттік циркі» ФКК-мен  бірлесе ұйымдастырылған  II-ші «Әлем тілінде» атты балалар және жастар Халықаралық цирк өнері фестивалінің  қола медалін  жеңіп алды.

Жасмин «Ілмектегі әуе эквилибрі «Сиқыршы» нөмірін орындады, нөмір жетекшісі Замира Тапалова, режиссер-қоюшы Марина Редько. Нөмір белдіктердегі ауа гимнастикасын және резеңке элементтерін синтездейді, трюк бөлігінің жарқын көрінісі әртістің музыкалық композицияны дәл көрсете білуімен ерекшеленеді. Фестиваль күндері Жасмин «Синяя птица» атты Бүкілресейлік жас таланттар конкурсына шақыру алған болатын. Сонымен қатар, Жасмин Алшынбаева халықаралық  көркем гимнастика жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған.

Халықаралық қазылар алқасы құрамында топ-менеджерлер мен атақты цирк кәсіпорындарының директорлары, халықаралық цирк өнері фестивальдерінің президенттері, белгілі импресариолар Алматы циркі жас артистің өнерін жоғары бағалады. Сондай-ақ, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Н.Ә. Боқыбаев та халықаралық қазылар алқасының құрамында болды.

«Өнер көрсететін кезде аздап қобалжыдым. Бірақ қорқынышымды жеңіп, жақсы көрсеткіш көрсеткеніме қатты қуандым. Жоспар бойынша алдағы уақытта да циркте жұмысымды жалғастыра беремін», – деді халықаралық фестиваль жүлдегері Жасмин Алшынбаева.

Қазақ мемлекеттік циркінің директоры өз сөзінде фестивальге қатысушылардың құрамы өте мықты болғанын атап өтті. Сондықтан мұндай фестивальдегі жеңіс жас әртістің қажырлы еңбегінің арқасында келді.

«Фестивальде Ресей, Әзірбайжан, Аргентина, Армения, Белоруссия, Венгрия, Вьетнам, Германия, Израиль, Қытай, Моңғолия, Перу, АҚШ, Италия, Қазақстан, Колумбия, Мексика, Украина, Эфиопия, Эквадор және т.б. елдерінің жас таланттары өз шеберліктерін көрсетті. Біздің Жасминнің өнерін мақтанышпен атап өтемін, ол өте жақсы нөмір көрсетіп, Қазақ мемлекеттік циркін ғана емес, бүкіл елді лайықты түрде таныстырды», - деді Нұрбақыт Әбдіғалиұлы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир