Қазақстан мен Тәжікстан композитор одағы меморандумға қол қойды

Қазақ-тәжік композиторлары концерт беруді жоспарлап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Қазақстан мен Тәжікстан композитор одағы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тәжік елінің Мәдениет министрі бастап келген делегацияның құрамында халық әртістері Әмірбек Мұсаев, Владимир Кәрімов пен бірқатар танымал музыкант бар. Ал Қазақстан тарапынан іс-шараға Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория өкілдері, композиторлар қауымдастығының төрағасы, сондай-ақ «Құрмет» орденінің иегері Артық Тоқсанбаев қатысты.

– Қазақстан мен Тәжікстан композиторларының кездесуі – менің ойымша, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жемісі. Бұл іс-шара осы салада қызмет етіп жүргендердің жұмысына серпін беретіні сөзсіз. Біз бауырлас елдің шығармашылығымен танысып, қарым-қатынасты нығайтсақ деген ниетпен келдік, – деді Тәжікстан композиторлар одағының төрағасы Әмірбек Мұсаев.

Новости партнеров