Ұлттық кітапханада мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиында қоғам қайраткерлері бас қосты
Алматының Ұлттық кітапханада да мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қоғам қайраткерлері мен кітапхана қызметкерлері бас қосқан шарада ұлттық нышандардың мерей-мәртебесін өсіру арқылы өскелең ұрпаққа отансүйгіштік қасиетті сіңіре алатынымыз сөз болды.
Кездесу аясында «Шәмшісіз өткен 30 жыл» атты безендірілген кітап көрмесі де ұйымдастырылды.
«Шәмші Қалдаяқов – мемлекеттік әнұрамынымыздың авторы. Мемлекеттік рәміздерге қатысы бар адам болғаннан кейін осы шараны өткізіп отырмыз. Мұндағы тағы бір ерекшелік мынау көп адамдар қазір соңғы кезде мына мемлекеттік рәміздерді жерге таптайтын болды. Бұл заңды қатайту керек», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек Құрманәлі.