|
06.09.2024 | 22:06
53

Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін дәріптеу: Алматыда айрықша іс-шара өтті

Әдеби кеште жастар викторинаға қатысып, білімдерін сынады

Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін дәріптеу: Алматыда айрықша іс-шара өтті Стоп-кадр

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқының тілдері күні – ел үшін ерекше мәнге ие мереке. Қазақ руханиятының темірқазығы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін дәріптеу үшін Орталық демалыс саябағында мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Зиялы қауым өкілдері бас қосқан жиында тіл мен мәдениетіміздің қадір-қасиетін, рухани байлығымызды насихаттайтын маңызды тақырыптар сөз болды. Әдеби кеште жастар викторинаға қатысып, білімдерін сынады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.  

«Бұл мерекенің біздің полиэтиникалық қоғамымыз үшін өте маңызы зор. Өйткені біздің елімізде негізігі ұлттан да бөлек этностың бірнеше этностың өкілдері ғасырлар бойы келе жатыр. Олар әрқайсының өзінің ана тілі бар. Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді қолдануды дамытумен бірге, осында мекендейтін барлық этностардың тіліне мәдениетіне құрмет көрсету», - деді Алматы қаласы әкімі аппараты Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында мемлекеттік тіл жанашырлары марапатталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир