Алматыда белгілі композитор Нұролла Ғазизовтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол КСРО Композиторлар одағының мүшесі, камералық және симфониялық музыка жанрының шебері. Бала күнінен музыкаға әуес болған Нұролла Ғазизұлы 30 жасында-ақ Кеңес одағының үздік композиторы атанған. Бүгінде көзі тірі болғанда, сазгер 80 жасқа толар еді.
«Желдің соғысын, бидайлардың қозғалысын, атам дейді, жеткізе білген дейді. Айналасында адамдар көп болатын, бәрі осы үйден шықпайтын. Сонда өмірінің өтіп бара жатқаны ма деп ойлаймын. Достары көп болды», – деді Н. Ғазизовтың жары Рысқайша Баяхметқызы.
«Әрбір шығармасы халықтың рухын, ұлтымыздың иісін, оның тыныс-тіршілігінен хабар беріп тұрады. Сондықтан өнерге талпынып жүрген болашақ композиторлар Нұролланың шығармашылығымен етене танысып, үлгі алса екен деп ойлаймын. Қазақ елі жасай берсін!» – деді ақын, күйші Талап Қараш.