Ригада мүмкіндігі шектеулі қазақстандық және латвиялық балалардың сурет көрмесі ашылды

gov.kz
gov.kz
Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, оның бас мақсаты – қиындықтарға қарамастан осы балалардың мүмкіндіктері шексіз екенін, ал олар өздері қоғам өміріне, халықтар мен мәдениеттердің жақындасуына лайықты үлес қоса алатынын көрсету
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халықаралық балаларды қорғау күні мен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған іс-шаралар аясында онлайн-форматта «Әлем балалар көзімен» атауымен мүмкіндігі шектеулі жас қазақстандық және латвиялық балалардың  сурет көрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оны Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі, Рига қаласы Думасының Мәдениет департаменті, ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетумен айналысатын қазақстандық «Аялған алақан» қоғамдық қайырымдылық қоры және Латвияның мүгедек балалар қауымдастығы (LBAKT)  бірлесе ұйымдастырды.

Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, оның бас мақсаты – қиындықтарға қарамастан осы балалардың мүмкіндіктері шексіз екенін, ал олар өздері қоғам өміріне, халықтар мен мәдениеттердің жақындасуына лайықты үлес қоса алатынын көрсету.

Анықтама ретінде: 60 суреттен құралған экспозициямен Рига қаласы Думасының Мәдениет департаментінің сайты мен әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарында келесі сілтемелер арқылы танысуға болады: https://www.facebook.com/rd.iksd, https://kultura.riga.lv/lv/kultura/galerija/kazahstanas-un-latvijas-bernu-ar-ipasam-vajadzibam-zimejumu-izstade-tiessaiste-pasaule-ar-berna-acim-341 https://kultura.riga.lv/lv/kultura?target=news_item&news_item=bernu-zimejumu-izstade-pasaule-ar-bernu-acim-7267.

«Аялаған алақан» қоры осыған дейін ұқсас сипаттағы көрмелерді Қазақстанның Үндістан мен БАӘ-дегі Елшіліктерінде өткізген болатын және қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі және білім алуда ерекше қажеттілігі бар жас қазақстандықтардың шығармашылығымен шетелдік қауымдастықтарды таныстыру мақсатында жаңа іс-шараларды ұйымдастыруда.

Новости партнеров