Қазақстанның Еңбек Ері Әлібек Дінішев 70 жаста

adyrna.kz
adyrna.kz
Ол Париж, Милан, Венаның опералық театрларында кірпияз еуропалық тыңдармандарды өнерімен ғана емес, сұлу сыр-сымбатымен де тәнті еткен күміс көмей, жезтаңдай әнші
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін танымал тенор Әлібек Дінішевтің туған күні. Мерейлі 70 жастың қарсаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев КСРО Халық әртісін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Кеңестік және қазақстандық операның өркендеуіне елеулі үлес қосқан әртістің өмір мен өнердегі бейнесі туралы толығырақ Almaty.tv тілшісі тарқатады.

Жастайынан ерек өнерге еңбегі сіңген Әлібек Дінішев бүгінге дейін сахна төрінен түспей, тыңдармандарының құлақ құрышын қандырып келеді. Ол Париж, Милан, Венаның опералық театрларында кірпияз еуропалық тыңдармандарды өнерімен ғана емес, сұлу сыр-сымбатымен де тәнті еткен күміс көмей, жезтаңдай әнші. Әртіс бүгін 70-ке толды. Айтулы күнге орай, ел президенті отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлын «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады.

«Өнер адамының принципін жоғары ұстайтын ерекше тұлға. Ол кісінің сахнаға шыққан бірінші қадамынан бастап бұл кісі жоғары өнердің адамы екені басынан, төбедегі шашынан аяғына дейін көрініп тұрады. Ал, енді әнді бастаған кезде оны елжіреп тыңдамайтын халық жоқ шығар», – деді ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева Роза Рымбаева.

Әлібек Дінішев театрдың синтезі саналатын симфониялық музыканың өкілі. Ол операны өнердің ең демократиялық бағыты деп есептейді. Солай болатыны да хақ. Себебі опера – әлемдік бағыт, ол, әсіресе,  Еуропа сахнасында аса құнды. Осы бағалы өнердің шырағын сөндірмеген әртісті бүгін өнер адамдары да айрықша қуанышымен құттықтады.

«Қазақ халқының мәдениеті, оның ішінде әншілік мәдениетін осы деңгейде ұстап келе жатырсыз. Біз сізбен мақтанамыз, сізге денсаулық тілейміз! Біз сізден көп нәрсені үйренеміз. Себебі сіз жүз жылда бір туатын жарық, биік жұлдызсыз», – деді ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева Роза Рымбаева.

«Шығармашылық пен тамаша әннен, жақсы концерттен шабыт аламын. Сол сәтте менің де бар өнерді паш еткім келеді», дейтін Әлібек Дінішев өз тыңдармандарын да шабыттың шыңына, өнердің биігіне жетелей бермек.

Мадина Оқас, Сағындық Нарықов, «Алматы» арнасы

Новости партнеров