Еуро мен доллардың құны 20 жылда алғаш рет теңесті

13.07.2022 15:26

Биыл бірыңғай еуропалық валютаның бағамы АҚШ-қа қатысты шамамен 14%-ға, ал өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 17,8%-ға арзандады

idk.ru

Еуро мен доллар соңғы 20 жылда алғаш рет теңесті. Биыл бірыңғай еуропалық валютаның бағамы АҚШ-қа қатысты шамамен 14%-ға, ал өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 17,8%-ға арзандады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қысым көрсететін негізгі фактор - энергия бағасы және Ресей Федерациясынан газ жеткізуге байланысты алаңдаушылық. Динамикаға Вашингтон мен Брюссельдің ақша-несие саясатындағы айырмашылықтар да әсер етеді - ФРЖ базалық мөлшерлемелерді арттырады, ал ЕОБ төмен деңгейде ұстайды.