16 наурыз күні таңертең биржаларда АҚШ-тың бір доллары 417 теңгеден және одан жоғары бағада сатылып жатыр. Кейбір ақша айырбастау пункттерінде оның құны 421 теңгеге дейін жеткен, деп хабарлайды zakon.kz.
Kurs.kz мәліметі бойынша, ақша айырбастау пункттерінде 1 доллар 410 - 413 теңгеден сатып алынып, 420 теңгеден сатылып жатыр. Кейбір ақша айырбас орындарында доллар құны 425 теңгеге жеткен. Кейбіреулерінде доллар жоқ.
Евро 452-462-ден сатып алынып, 462-469 теңгеден сатылуда.
1 рубль 5,4 теңгеден сатып алынып, 5,9 теңгеден сатылып жатыр.
Өткен жұмада доллар 408-409 теңгеге сатылған еді.
Бұған дейін АҚШ қор нарығында 1987 жылдан бергі ең үлкен құлдырау болғандығы туралы хабарланған болатын. АҚШ-тың негізгі индекстері сауда кезінде шамамен 10 пайызға құлады. Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, әлемдік биржалардың құлдырауының басты себебі - коронавирустың бүкіл әлемде таралуы, дәлірек айтсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) коронавирустың толыққанды пандемия деп ресми түрде жариялауы.