Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

07.11.2022 20:40

7 қарашадағы ресми бағамы - 464,45 теңге

lombardiletter.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,09 теңгеге төмендеп, 464,40 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 7 қарашадағы ресми бағамы - 464,45 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 465 теңге, сату – 468,5 теңге. 

Оқи отырыңыз: 7 қарашаға арналған валюта бағамы