Қор нарығында доллар бағасы тағы арзандады

28.06.2022 20:46

Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 460,95 теңге

ru.aikyn.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 27 маусым кешімен салыстырғанда 4,89 теңгеге төмендеп, 1 доллар 456, 05 теңге болды. Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 460,95 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 455,50 теңге, сатып алу – 460,50 теңге.