Қор нарығында доллар бағамы тағы да төмендеді

08.11.2022 в 20:46

8 қарашадағы ресми бағамы - 464,40 теңге

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,38 теңгеге төмендеп, 464,01 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 8 қарашадағы ресми бағамы - 464,40 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 465,5 теңге, сату – 469 теңге. 

Оқи отырыңыз: 8 қарашаға арналған валюта бағамы