Майра Айсина: Сайлауға бәріміз бір адамдай атсалысып, дұрыс таңдауымызды жасайық

08.11.2022 20:57

«20 қараша күні бәріміз бір адамдай атсалысып, дұрыс таңдауымызды жасайық». Осылай деген қоғам қайраткері Майра Айсина алдағы сайлауға қатысты пікір білдірді.

«Бүгін біздің аңсайтынымыз ол – әділдік, адалдық, ашық қағидалар. Соған қол жеткізу үшін бәріміз атсалысуымыз керек. Бірінші қадамды жасадық. Референдумға қатысып, жаңа саяси өзгерістерге жол аштық. 20 қараша күні бәріміз бір адамдай атсалысып, дұрыс таңдауымызды жасайық», – деді қоғам қайраткері Майра Айсина.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.