Қор нарығында доллар бағамы көтерілді

07.09.2022 20:49

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 473,10 теңге

abali.ru

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,59 теңгеге қымбаттады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 473,10 теңге. 

Ұлттық банктің 7 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 472,47 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 477 теңге, сатып алу – 472 теңге. 

Оқи отырыңыз: 7 қыркүйекке арналған валюта бағамы