Доллар бағамы өсіп жатыр

01.02.2023 20:51

1 ақпандағы ресми бағамы - 460,51 теңге

Сгенерировано ИИ

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,35 теңгеге көтеріліп, 460,87 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 1 ақпандағы ресми бағамы - 460,51 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 459,44 теңге, сату – 463,04 теңге.