Доллар бағамы 9 теңгеге төмендеді

05.05.2022 20:55

5 мамырдағы ресми бағамы 436,85 теңге

Twitter

Доллар бағамы әлі де құлдырап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 9,05  теңгеге төмендеп, 427,82 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 5 мамырдағы ресми бағамы 436,85 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы 431 теңге, ал сатылымда - 435 теңге.