Доллар бағамы 427 теңгеден төмендеді

23.05.2022 20:56

23 мамырдағы ресми бағамы 427,02 теңге болған

shamov.info

Доллар бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,60 теңгеге төмендеп, 424,47 теңге болды. Айта кетейік, доллардың  23 мамырдағы ресми бағамы 425,02 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы - 423 теңге, сатылымда - 427 теңге.