6 наурыздағы ресми бағамы - 431,08 теңге
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың сараланған бағамы 1,77 теңгеге көтеріліп, 432,83 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 6 наурыздағы ресми бағамы - 431,08 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 435,96 теңге, сату – 441,06 теңге.