Мемлекет басшысы Владимир Путинмен сөйлесті

06.03.2023 22:07

Екі ел басшыcы алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды

profile.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президенттер екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі нығайту перспективасын осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында талқылады.

Телефон арқылы әңгімелесу барысында көлік-транзит бағдарларын кеңейту және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Сондай-ақ екі ел басшыcы алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.