15 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 459,74 теңге
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,10 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 460,99 теңге.
Ұлттық банктің 15 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 459,74 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 467 теңге, сатып алу – 463 теңге.
Оқи отырыңыз: 15 қарашаға арналған валюта бағамы