Қор нарығында доллар бағамы көтерілді

19.12.2022 20:59

19 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 468,56 теңге

nicepng.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,09 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 468,24 теңге.

Ұлттық банктің 19 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 468,56 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 472 теңге, сатып алу – 469 теңге.

Оқи отырыңыз: 19 желтоқсанға арналған валюта бағамы