Қор нарығында доллар арзандады

08.08.2022 21:00

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 476,62 теңге

cronos.asia

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,15 теңгеге арзандады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 476,62 теңге. 

Ұлттық банктің 8 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 477,98 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 475 теңге, сатып алу – 481 теңге.