ІІМ департаменті еліміздің 7 өңірінде тергеу жүргізіп жатыр
Елімізде жыл басынан бері полиция қызметкерлері алаяқтықтың 12 жағдайын тіркеп үлгерген. Нәтижесінде 7 миллиард теңге көлемінде залал келтірілді. Бұл туралы ІІМ-де өткен брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбектің мәліметінше, тәртіп сақшылары 500-ге жуық қылмыскер мен 17 ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады. Салыстырып айтсақ, 2021 жылы алаяқтық саны 21 мыңға дейін өскен.
«Қазіргі уақытта ІІМ департаменті еліміздің 7 өңірінде Көлік құралдарын заңсыз есепке қою бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр. Соңғы үш жылда 2 мыңнан астам көлік құралы заңсыз тіркелген, бұл бойынша мемлекетке келтірілген залал 10 млрд теңгеден астып отыр», – деді ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.