Қор нарығында доллар бағамы көтерілді

09.08.2022 21:00

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 478,39 теңге

tengrinews

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,73 теңгеге қымбаттады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 478,39 теңге. 

Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476,62 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 475 теңге, сатып алу – 481,5 теңге.