Қор нарығында доллар 476,18 теңге болды

04.08.2022 21:02

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 476,18 теңге

oqu.news

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,11 теңгеге қымбаттады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 476,18 теңге. 

Ұлттық банктің 4 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476,27 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 475 теңге, сатып алу – 479теңге.