Доллар бағамы екінші күн қатарынан өсіп жатыр

17.05.2022 21:03

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 432, 79 теңге

blog.skymed.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2, 92 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 432, 79 теңге. 

Ұлттық банктің 17 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 429, 57 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 433, 51 теңге, сатып алу – 437, 68 теңге.