Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

12.12.2022 21:04

12 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 472,14 теңге

newsbtc.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,63 теңгеге төмендеп, 1 доллар 469,93 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 12 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 472,14 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 473 теңге, сатып алу – 469,5 теңге.

Оқи отырыңыз: 12 желтоқсандағы  валюта бағамы