27 сәуірдегі ресми бағамы - 453,53 теңге
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,91 теңгеге төмендеп, 449,55 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 27 сәуірдегі ресми бағамы - 453,53 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы 447,98 теңге, ал сатылымы - 452,44 теңге.