Қор нарығында доллар арзандады

13.01.2023 21:08

1 доллар үшін 462, 58 теңге

ru.depositphotos.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күндізгі сауда-саттыққа сәйкес, 1 доллар 0,22 теңгеге арзандап, 462,29 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 13 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 462, 58 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 461,5 теңге, сатып алу – 465,5 теңге.