Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 484, 18 теңге
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3, 60 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 484, 18 теңге.
Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 480, 37 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 485 теңге, сатып алу – 489 теңге.