Қор нарығында доллар бағасы көтерілді

09.06.2022 21:46

Ұлттық банктің 9 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 433,45 теңге

longtermdisabilitylawyer.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 1,03 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа құны – 434,51 теңге.

Ұлттық банктің 8 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 433,45 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 433,53 теңге, сатып алу – 438,97 теңге.