Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

28.12.2022 21:21

28 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 460,62 теңге

zen.yandex.ru

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,65 теңгеге жоғарылады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 461,23 теңге.

Ұлттық банктің 28 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 460,62 теңге.