Қор нарығында доллар тағы арзандады

29.04.2022 21:26

29 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 448, 49 теңге

okoinvest.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1, 29 теңгеге арзандады. 1 доллар 446, 38 теңге болды. Ұлттық банктің 29 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 448, 49 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 444, 73 теңге, сатып алу – 450 теңге.