Доллар бағамы тағы төмендеді

25.05.2022 21:32

25 мамырдағы ресми бағамы 424,84 теңге

Depositphotos.com

Доллар бағамы тағы да төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,67 теңгеге төмендеп, 415,12 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 25 мамырдағы ресми бағамы 424,84 теңге.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы 415,5 теңге, ал сатылымда - 419 теңге.