19 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 449,85 теңге
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 5,73 теңгеге арзандады. 1 доллар - 443,57 теңге болды. Ұлттық банктің 19 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 449,85 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы - 447,18 теңге, сатып алу - 450,71 теңге.