Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 480,37 теңге
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,85 теңгеге көтерілді.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 480,37 теңге.
Ұлттық банктің 15 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 478,39 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 477,95 теңге, сатып алу – 482,60 теңге.