20 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 460,79 теңге
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,15 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 462,36 теңге.
Ұлттық банктің 20 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 460,79 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 461 теңге, сатып алу – 465 теңге.