11 шілде күнгі саудада доллар 4 теңгеге арзандады. Ал әлемдік мұнай бағасы керісінше, көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жаһанда қара алтын құны қымбаттағанда, теңге позициясы неге күшеймеді? Ұлттық валюта құбылмалы фазаға кірген тұста экономистер өз болжамын айтты.
- Иә, соңғы уақытта Қазақстан қоры биржасында мемлекеттің бюджет қажеттіліктері үшін ұлттық қордан долларды конверттеуден кете бастауы өзінің коррекциясын енгізді. Негізі теңгенің мұнайдың қазіргі бағасына шаққандағы әділетті құны сол 480 деңгейде еді, сол өзінің құнына қайтып келді. Неге бұған дейін теңгенің курсы жоғары болды дегенге келсек, ол Ұлттық қордан бюджетке Қазақстан қоры биржасында долларды сату, яғни теңгеге айырбастап, бюджетке жіберу процесі жүреді. Енді ол қысқарды. Бірақ күзге таман тағы осы үрдіс жалғасуы мүмкін. Себебі, қазақ акцияларына қатысты Жаңа жылға дейін конверттеу жүруі мүмкін, сондықтан алда теңге көп болмаса да, 460 теңгеге дейін қайтадан күшеюі мүмкін. Сонда қазіргідей 480, тіпті 490 болса да, уайымдайтын, девальвация болады деп қауіптенетін негіз жоқ. Себебі, егер мұнайдың қазіргі бағасын 82,85 деңгейінде алатын болсақ, теңгенің өзінің әділетті фундаменталды курсы осындай болып тұр, - деді экономист Айбар Олжай.