20 наурызда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

20.03.2026 09:41

09.00-дегі соңғы мәліметтер

Depositphotos.com

Қазақстан Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, 20 наурыздағы жағдай бойынша доллар бағамы 482.32 теңгені, ал еуро 553.37 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елордадағы айырбастау пункттерінде долларды 478 теңгеден, еуроны 550 теңгеден сатып алуда. Ал долларды сату бағамы – 485 теңге, еуро – 560 теңге.

Ал Алматы қаласындағы айырбастау пункттері АҚШ валютасын 480 теңгеден, еуроны 553 теңгеден сатып алып, долларды 482 теңгеден, еуроны 558 теңгеден сатуда.

Оқи отырыңыз: Наурызнама: бүгін – Ұлттық спорт күні