2 наурызда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

02.03.2026 08:48

08.45-дегі соңғы мәліметтер

Depositphotos.com

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 2 наурыздағы жағдай бойынша доллар бағамы 497,56 теңгені, ал еуро 586,92 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астана қаласының айырбастау пункттерінде долларды 495 теңгеден, еуроны 583 теңгеден сатып алуда. Ал сату бағамы: доллар — 502 теңге, еуро — 593 теңге.

Алматы қаласындағы айырбастау орындарында АҚШ валютасын 499 теңгеден, еуроны 588 теңгеден сатып алып, долларды 502 теңгеден, еуроны 594 теңгеден сатуда.