30 наурызда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

30.03.2026 08:44

Сағат 08:40-тағы соңғы деректер

Depositphotos.com

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 30 наурыздағы ресми бағам бойынша АҚШ доллары – 482,53 теңге, еуро – 555,44 теңге, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Елордадағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы – 479 теңге, еуро – 553 теңге. Сату бағамы: доллар – 486 теңге, еуро – 563 теңге.

Ал Алматыдағы айырбастау пункттерінде АҚШ долларын 480 теңгеден, еуроны 557 теңгеден сатып алуда. Сату бағамы: доллар – 484 теңге, еуро – 560 теңге.